"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі"Мемлекттік мекемесі
Государственное учереждение "Отдел образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области "

Социальные сети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудандық семинар

    2023 жылдың 12 мамыр күні Жаңа Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»  КММ-нде инклюзивті білім беру үдерісіне жауапты педагогтермен  «Жалпы білім беретін мектепте инклюзивті білім беру мүмкіндіктерін ескеріп, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында аудандық семинар өтті. Аталған мектепте 2022 жылы инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті ашылған болатын. Қолдау кабинетінде даму деңгейлерінде сәл ерекшеліктері бар 13 бала оқиды. Семинар барысында инклюзивті білім беруді қолдау кабинетінің әлеуметтік педагогы Толеуова Айнагуль Алдабергеновна  инклюзивті білім беруді қолдау кабинетімен таныстырды. Инклюзивті білім беруді қолдау кабинетінің дефектологы  Хамитова Айсұлу Әділбекқызы ерекше білімді қажет ететін балалармен өткізілетін практикалық сабақ, инклюзивті білім беруді қолдау кабинетінің психологы  Байжуманова Меруерт Сембаевна «Қолдан жасалған материалдармен сабақта қолданылатын түзету-дамыту жаттығулары» атты мастер класс, Запорожье ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Клейн Александр Андреевич   «Методы и приёмы работы с учащимся, обучающемся на дому, по предмету «Чтение и развитие речи», , мектеп психологы Тапаева Айнур Кайроллаевна «Инклюзивті білім берудің негізгі түсінігі мен жалпы ұстанымдары», Жақсы ауылының №16 психология-педагогикалық кабинеті» КММ педагог- психологы Агжанбаева Жанаргуль Жениспековна «Инклюзия в образовании. Взгляд педагога» атты шығармашылық жұмыстарын көрсетті. Семинар соңында қорытындылар шығарылып, ұсыныстар қабылданды.

       Аталған іс –шараны жақсы деңгейде ұйымдастырып өткізгені үшін Қима ауылының Ғұбайдолла Әбдірахманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымына және әкімшілігіне алғысымызды білдіреміз.

Жаңартылған күні: 03.07.2023 17:03
Құрылған күні: 03.07.2023 17:03

Текст