"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі"Мемлекттік мекемесі
Государственное учереждение "Отдел образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области "

Социальные сети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2024 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп.

2023 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп.

 

1.Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: "Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі" ММ, ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары. Заңды мекенжайы Жақсы ауылы, Абай көшесі 33Б.

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Ақмола облысында білім беру саласында 22 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2023 жылы білім бөлімі 1946 қызмет көрсетті;

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы 20 қызмет көрсетілді.

 ЭЦҚ арқылы электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 405 қызмет;

-қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер 822 қызмет.

       Көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрі ("Электрондық үкімет" веб-порталын қоспағанда www.egov.kz, www.elicense.kz) - 481 қызмет.

       Көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және ақпараттық жүйеге өтінімді қолмен енгізу арқылы электрондық түр ("электрондық үкімет" веб-порталын қоспағанда www.egov.kz, www.elicense.kz) - 152 қызмет.

 

3) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

Білім беру саласында неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер:

"Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою";

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау".

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/activities/directions?lang=ru білім басқармасының "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған. Сондай-ақ, барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарда ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады. Білім бөлімі мен ведомстволық бағынысты ұйымдар Нормативтік құқықтық актілерді әзірлемеген.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

2023 жылы білім бөлімі және ведомстволық бағынысты ұйымдар БАҚ және әлеуметтік желілерде 8 мақала жариялап, теледидарда 6 сөз сөйледі. Ай сайын халықты БАҚ, көрсетілетін қызметті берушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету бойынша жұмыс жүргізіледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі, орта, арнаулы білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Akmola.kz.

Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді 33-тен астам қызметкер көрсетеді, олар қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген, 2022 жылы 33 қызметкер мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

1) 2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес 15 білім беру ұйымдарында бақылау іс-шаралары өткізілді. Бақылау іс-шараларын жүргізу кезінде бірқатар ұйымдарда бақылау іс-шаралары барысында жойылған жекелеген сәйкессіздіктер байқалды. Жалпы, олар көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына әсер еткен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінде бұзушылықтар анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтердің бұзылуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

2024 жылы білім бөлімі және ведомстволық бағынысты ұйымдар жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.

Жаңартылған күні: 29.02.2024 19:07
Құрылған күні: 07.11.2024 19:23

Текст