Текст
04.09.2023
Жақсы ауданы бойынша 2023 жылдың тамыз айының 20-28 күндері аралығында тапсырыс жасалған оқулықтардың барлығы білім бөліміне келді. 2023- 2024 оқу жылына ауданның мектеп оқушыларына оқулықтар 100% жеткілікті.
29.08.2023
Бүгін жаңа 2023-2024 оқу жылының басталуына байланысты және аудандық білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес білім бөлімінің кеңесі өтті. Кеңеске аудан бойынша білім ұйымдарының басшылары, білім бөлімінің әдіскерлері, төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Б.М. Әбілмаженов және аудандық санитарлық - эпидимиологиялық бақылау басқармасының басшысы Е.А.Мешенко қатысты. Күн тәртібіндегі барлық сұрақтар қаралып, тиісті ұсынымдар берілді.
29.08.2023
2023 жылдың 24-25 тамызында Көкшетау қаласында жыл сайынғы дәстүрлі білім саласы қызметкерлерінің тамыз кеңесінің облыстық және республикалық пленарлық отырыстары өтті. Биылғы кеңес «Әділетті Қазақстан: адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт» тақырыбымен жаңа форматта өтіп, білім саласының түйінді мәселелері сөз етілді.
23.08.2023
Правила оказания государственной услуги «Прием документов для предоставления отдыха детям из малообеспеченных семей в загородных и пришкольных лагерях»
Правила оказания государственной услуги «Прием документов для предоставления отдыха детям из малообеспеченных семей в загородных и пришкольных лагерях»
КГУ «Отдел образования по Жаксынскому району управления Акмолинской области» в 2023-2024 учебном году...
16.08.2023
«Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
15.08.2023
"Жаздық жолдама" жобасы аясында Жақсы ауданы мектептерінің 29 оқушысы Зеренді ауданында орналасқан "Сұңқар" сауықтыру кешенінде демалды және сауықтырылды
11.08.2023
10 тамыз - Абай Құнанбайұлының туған күні! Алаштың ардақты ақыны, қазақтың аяулы перзенті саналы ғұмырын ұлттың жоғын жоқтап, барын түгендеуге арнады. Ұлттық әдебиетімізде өшпес із қалдырып, дара жол, соны сүрлеу қалыптастырды. Ақынын құрметтейтін, өткенін қастерлейтін жас ұрпағымыз көп болсын!!!
05.07.2023
Жақсы ауданы әкімінің кубогы
Оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру аясында шілде айы бой Жақсы ауданы білім беру мекемелерінің оқушылары арасында «Жақсы ауданы әкімінің кубогы» ұлттық спорт түрлері бойынша спартакиадасы және "Былғары доп" футбол жарыстары өткізіледі. Жалпы...
05.07.2023
Ақмола облысы әкімінің кубогына арналған облыстық пікірсайыс турнирінде Қима ауылының Қ. Өскенбаев атындағы ЖОББМ-ң «Тұмар» командасы қатысып, жүлделі 2-орынды жеңіп алды. Жетекшісі: Карибаев Жеңіс Саянұлы. Құттықтаймыз!
11.04.2023
«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі» ММ 2022 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызмет аясындағы қызмет туралы есебін көпшілік талқылауды өткізу қорытындысы
«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі»
ММ 2022 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызмет
аясындағы қызмет туралы есебін көпшілік талқылауды өткізу қорытындысы
1. Көпшілік талқылауды өткізу күні: 2023 жылғы 1 наурыздан...