"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі"Мемлекттік мекемесі
Государственное учереждение "Отдел образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области "

Социальные сети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бос жұмыс орындары

12.01.2021

«Жақсы ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Киев орта мектебі» КММ, «Моховое негізгі мектебі» КММ, КММ «Терсақан негізгі мектебі» директорлар бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды

 

Ұйымдардың негізгі қызметі: ұлттық және жалпы адамгершілік құндылықтар негізінде сапалы білім беруді қамту, ғылым мен практиканы, жоғары мәдениеттілікті, азаматтық ұстанымдағы интеллектуалды тұлғаны қалыптастыру.

Біліктілікке қойылатын талаптар:  Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім (педагогикалық). Білім беру ұйымдарында немесе ұйымдардағы басшылық қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.

Білу керек: Қазақстан Республикасының Конституциясы,                 «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Мұғалімнің мәртебесі туралы» Заңы,  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, сондай-ақ педагогика, психология негіздері бойынша тестілеуден және әңгімелесу өтеді мемлекеттік білім беру бағдарламасы, басқа да оқушыларды тәрбиелеу мен оқытудағы нормативтік құқықтық актілер, педагогика және психология негіздері, заманауи педагогикалық ғылым мен практиканы жетілдіру, басқарудың инновациялық әдістері, экономика негіздері, қаржылық – шаруашылық қызмет, құқық негіздері, Еңбек туралы Заңнама, еңбекті сақтау нормалары мен ережелері, өрт және техника қауіпсіздігі.

Лауазымды міндеттер.  Қазақстан Республикасының Заңнамасы мен оқу – әдістемелік, әкімшілік – шаруашылық және қаржы – экономикалық қызметтегі білім беру ұйымының Жарғысына сәйкес жетекші етеді. Оқу жоспары мен бағдарламаларын, оқу жүйесіндегі кестені, ішкі тәртіпті бекітеді. Құрылым, штаттық кесте, білім беру ұйымдарындағы жұмыскерлердің қызметтік нұсқауын бекітеді. Білім алушылар құрамын белгілі нысанға келтіреді, әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушы келесі құжаттарды тапсырады:

  1.  Байланыс телефоны, нақты тұратын жері көрсетілген тіркелім, өтініш; (құжаттардын көшірмелері нотариалдық куәландырылған).

2. Жеке куәлік көшірмесі;

3. Білімі туралы құжаттар көшірмесі;

4. Еңбек кітапшасының көшірмесі;

5. Кадрлар есебі бойынша жеке қағаз, суретімен;

6. Жұмыс орнынан жаза мен мадақтаулары көрсетілген өндірістік мінездеме;

7. Білім дәрежесі мен біліктілік санатын растайтын құжаттар көшірмесі;

8. Медициналық куәландырудан өткендігі туралы анықтама;

9. Сотталмағаны туралы анықтама;

10) тестілеуден өткендігі туралы анықтама (болған жағдайда);

 11) мектепті дамытудың перспективалық жоспары.

 

 

Конкурсқа қатысу үшін берілген құжаттар көшірмесі наториалды немесе кадрлар қызметімен куәландырылады.

Аталған құжаттардың біреуінің болмауы Конкурсқа қатысушының құжаттарын қайтарып беруге негіз болады.

Конкурсқа қатысушы кез келген деректі растайтын ақпарат, кәсіби жетістігі, біліктілікті арттыру, ғылыми зерттеу жұмысы, педагогикалық тәжірибесін тарату, марапаттауларын Комиссия қарауына береді.

Қатысушылардың құжаттарын қабылдау «Жақсы жаршысы» газетінде конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап сағат 9.00 – ден 18.00 – дейін 15 жұмыс күні ішінде қабылданады.

Комиссия үш жұмыс күні ішінде Конкурс қатысушыларын біліктілік талаптарға сәйкес, олардың кандидат ретінде бекітілетіні туралы және әңгімелесу күнін, уақытын, орнын хабардар етеді. Қажетті құжаттар мына мекен – жай бойынша қабылданады: Жаксы ауданы, Абая көшесі, 33 «Б» үй,  11 бөлме., тел. 8 (716-35)  22-582

 

 

 

Просмотров: 362


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст