"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі"Мемлекттік мекемесі
Государственное учереждение "Отдел образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области "

Социальные сети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқу ағарту министрлігінің инстаграм парақшасынан...

18.10.2024
💳Мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландыруды енгізу Таразда бюджет қаражатын үнемдеді

⚜️ Тараз қаласында мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландыру жүйесінің пилоттық жобасы аяқталды. Жоба нәтижелерін Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев баяндады.

📁 Пилоттық жоба шеңберінде Тараз қаласындағы 160 мекеме, оның ішінде шағын-орталықтар мен жекеменшік балабақшалар ваучерлік қаржыландыру жүйесімен қамтылды.

✔️ Министрдің мәліметінше, пилоттық жоба арқасында 2024 жылдың шілде айында 2 жастан асқан 11 983 баланы құраған қаладағы балабақша кезегі қыркүйекте 17 балаға дейін қысқарған.

⚡️ Сонымен қатар ваучерлік қаржыландыру жүйесі бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік берді. Екі ай ішінде мектепке дейінгі білім беру саласына жұмсалған шығындар шілдедегі 1,7 млрд теңгеден қыркүйекте 1,1 млрд теңгеге дейін төмендеп, нәтижесінде шамамен 600 млн теңге үнемделді.

🔗https://primeminister.kz/news/mektepke-deyingi-bilim-berudi-vaucherlik-karzhylandyrudy-engizu-tarazda-byudzhet-karazhatyn-unemdedi-29194
Показать перевод
 
Просмотров: 594


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст