Қазақстан Республикасы Білім министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс өткізу туралы
хабарландыру
Мектепке дейінгі тәрбиесі мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін «Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру конкурстық рәсімі басталғаны туралы хабарлайды.
Мектепке дейінгі ұйымдар меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министріні ң «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29323 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларында көзделген мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің нормалары мен қағидаларын сақтай отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жөніндегі қызметті көрсетуші жеткізушілердің тізбесіне енгізіледі.
Конкурсқа қатысуға өз қызметінің басталғаны туралы білім беру саласындағы уәкілетті органды хабардар еткен және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға өтініш берген мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.
Конкурсқа қатысу үшін мектепке дейінгі ұйымдар мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймешесінің және дауыстық хабарландырудың бар болуы жөнінде ақпарат;
3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;
4. Конкурсқа құжаттарды тапсырғанға дейін бір айдан кешіктірмей мемлекеттік кірістер органдарында есепке алынатын берешегінің жоқтығы (болуы) туралы мәліметтер .