Педагогикалық идеялардың вернисажы» педагогикалық шеберлігінің сырттай онлайн-конкурсы туралы ақпарат
Оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес 2021 жылғы 1 - 25 ақпаны аралығында Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің математика пәні мұғалімдері арасында «Педагогикалық идеялардың вернисажы» педагогикалық шеберлігінің сырттай онлайн-конкурсын өткізді.
Конкурс жаңартылған білім беру мазмұнын оқытудың инновациялық әдістемелерін әзірлеу және қолдану бойынша үздік педагогикалық тәжірибені жалпылауға және таратуға, сондай-ақ оқыту сапасын жақсарту мәселелерінде педагогтердің белсенділігін ынталандыратын қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
Онлайн-конкурсқа Ақмола облысының 70 педагогі қатысты.
Конкурс үш бағыт бойынша өткізілді: педагогикалық инновациялар; оқытылатын пәндер бойынша оқыту мен тәрбиелеудің көрнекі дидактикалық құралдары; Оқу-әдістемелік кешен.
Конкурс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
«Педагогикалық инновациялар» бағыты бойынша:
1 орын - Куанышбекова Ардак Иргебаевна, Жақсы ауданы «Кировское ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі.
Ардақ Иргебайқызына шығармашылық табыстырға жете беруіне тілектеспіз!!