Текст
Наурыздың 12-сі күні аудандық «Махамбет оқулары» байқауы өткізілді. Махамбет оқуларының негізгі мақсаты мен міндеттері: мектеп оқушылары арасында Махамбет шығармаларын насихаттау; олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, тарихи танымдарын қалыптастыру.
Бүгін «Ел құтқарар ер едім» номинациясы бойынша 13 қатысушы болды. Қатысушылар Махамбеттің өлеңдерін жатқа айтып, өз өнерлерін көрсете білді.
Оқушыларға алдағы уақытта сәттілік тілейміз!!!