"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі"Мемлекттік мекемесі
Государственное учереждение "Отдел образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области "

Социальные сети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сәуір айының 9 күні Жақсы ауылының №2 жалпы білім беретін мектебінің базасында «Информатика сабақтарындағы жасанды интеллект: теориядан практикаға» («Искусственный интеллект на уроках информатики: от теории к практике») тақырыбында информатика пәні бойынша аудандық семинары өтті.

11.04.2025

Сәуір айының 9 күні Жақсы ауылының №2 жалпы білім беретін мектебінің базасында «Информатика сабақтарындағы жасанды интеллект: теориядан практикаға» («Искусственный интеллект на уроках информатики: от теории к практике») тақырыбында информатика пәні бойынша аудандық семинары өтті. Семинарға аудан мектептерінің информатика пәні мұғалімдері және білім бөлімінің әдіскері Е.Шапиев қатысты. Семинар барысында ашық сабақтар, шебер сыныптар ұйымдастырылды.
Семинарда «Белағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің информатика пәнінің мұғалімі Килиматов Руслан Хасанович информатика пәнінен 6 Б сыныпқа ««Работа с текстовым редактором. Сноски» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
«Жақсы ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің информатика пәнінің мұғалімі Салыкова Жанна Толегеновна 3 А сыныбына «Дизайн презентации» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Семинардың екінші бөлімінде: «Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің информатика пәнінің мұғалімі Кантарбаева Алия Сайлауовна «Жаратылыстану-ғылыми пәндерін оқыту бағытындағы мектептерде STEM оқыту жүйесін дамыту» баяндамамен таныстырды. «Ешім ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің информатика пәнінің мұғалімі Қалхаман Ардақ Смағұлқызы «Информатика сабағында жасанды интеллект және робототехниканың дамуы» атты тақырыпта шебер-сынып өткізді. Ешім ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің информатика пәнінің мұғалімі Комаров Максим Владимирович «ИИ в образовании» тақырыбында шебер – сынып көрсетті.
«Жақсы ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің информатика пәнінің мұғалімі Костив Александр Сергеевич "Цифровизация образовательного процесса в общеобразовательных школах" атты тақырыпта тәжірибемен бөлісті. Сондай-ақ семинар тақырыбы бойынша көрме және концерттік қойылымдар ұйымдастырылды. Күн тәртібі бойынша барлық сұрақтар қаралып, тиісті ұсыныстар берілді. Аудандық семинарды ұйымдастырған Жақсы ауылының №2 ЖОББМ-нің ұжымына алғысымызды білдіреміз.

Просмотров: 52


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст