Ағымдағы жылдың 14 мамырында Жақсы ауданы бойынша білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогтерінің арасында облыстық «Үздік әлеуметтік педагог - 2025» байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқау нәтижесі бойынша: 1-орынды – Карабаева Улжан Умирбаевна - Жақсы ауылының №1 ЖОББМ-нің әлеуметтік педагогі; 2-орынды – Кабылдина Шынар Камзиновна - Запорожье ауылының ЖОББМ-нің әлеуметтік педагогі; 3-орынды – Тапаева Айнур Кайроллаевна – Жаңа Қима ауылының Ғ.Әбдірахманов атындағы ЖОББМ-нің әлеуметтік педагогі иеленді.