Текст
Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың сәуір айының 26-27 күндері "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Жақсы кітап - жан азығы" конкурсының облыстық кезеңі өтті. Конкурстың қорытындысы бойынша жүлделі I орынды "Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Алғабас ауылының негізгі орта мектебі" КММ "Алғабас ауылының тарихы" кітабы жеңіп алды.