Ағымдағы жылдың тамыз айының 19 күні Ақмола облысы Қосшы қаласында «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН» тақырыбында ұстаздардың облыстық тамыз конференциясы өтті. Ұстаздардың тамыз конференциясына «Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі» ММ басшысы Жанабергенов Бауыржан Жанабергенович, Жақсы аудандық кәсіподақ филиалының төрағасы Аманжол Әсет Бахытұлы, аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Мактумова Акбидай Бауыржановна, Перекатное ауылының ЖОББМ директоры Серикбаева Б.Т., «Дән» бөбекжайының меңгерушісі Жуманова Фэриде Сериковна, Жақсы ауылының №1 ЖОББМ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Адильшинова Айжан Кемелбековна қатысты. Білім келешегі: Ақмола облысының педагогтары цифрлық дәуірдің жаңа сын - қатерлері менмүмкіндіктерін талқылады.