21.11.2025
2025 жылғы 17–21 қараша аралығында Щучинск қаласындағы «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында «Үздік дене шынықтыру педагогі – 2025» республикалық байқауы өтті.
Байқауға еліміздің 18 облысы мен 2 қаласынан барлығы 20 мұғалім қатысып, өз кәсіби шеберліктерін көрсетті.
Сайыс үш кезеңнен тұрды:
1. «Креативті педагог» – таныстыру кезеңі
2. «Заманауи дене шынықтыру сабағы» кезеңі
3. «Үздік бұқаралық-спорттық іс-шара» кезеңі
Үш кезеңнің қорытындысы бойынша Ақмола облысының намысын қорғаған Жақсы ауданының Қима ауылының Қ. Өскенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Отегенов Амангельды Камалиденович байқаудың жүлделі ІІІ орнын иеленді.🥉👏🏻
Отегенов Амангельды Камалиденовичті республикалық деңгейдегі бұл жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіз кәсіби біліктіліктің, тың идеялар мен адал еңбектің жарқын үлгісін көрсеттіңіз. Алдағы еңбегіңізге толағай табыс, шығармашылық шабыт және жаңа биіктер тілейміз! Ақмола облысының мерейін асқақтата беріңіз!