05.01.2026
2025 жылғы 25 желтоқсанда Жақсы ауданы бойынша балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және оқыту үшін балаларға қосымша білім беру тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімді өткізу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өтті.
49 оқушы білім алатын «BILIM AL» ЖК бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ұйымдар тізбесі келесі үйірмелер бойынша өзектендірілсін:
ғылыми-техникалық (Робототехника) – 30 орын;
көркем-эстетикалық (жас мүсінші) – 30 орын;
әлеуметтік-педагогикалық (интеллектуалдық ойындар клубы) – 30 орын;
жаратылыстану-математикалық (математика) – 15 орын;
жаратылыстану-математикалық (математика) – 30 орын;
гуманитарлық бағыт – 30 орын. Жиынтығы: 135 орын.
Жақсы ауданының білім бөлімі осы қағидалардың 70-тармағын басшылыққа ала отырып, «BILIM AL» ЖК-мен мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы 2026 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтеріне шарт жасассан. 📚