Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар!
Жақсы ауданының білім бөлімі сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтайды.
1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады.
Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге бүгінгі күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз!