24 ақпан күні Қ.Өскенбаев атындағы Қима ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің базасында "БАЛАЛАР ЖЫЛЫНА" арналған "Шайбалы хоккейден" 5-8 сынып оқушылары арасында барлық санитарлық-талаптарды сақтай отырып аудандық турнир өткізілді. Жалпы ойын қызықты, тартысты өтті. Ойын қорытындысы бойынша 1-орын - Жақсы ауылының №2 ЖОББМ, 2-орын - Қ.Өскенбаев атындағы Қима ауылының ЖОББМ, 3-орын - Запорожье ауылының ЖОББМ. Жүлделі орын алған командалар білім бөлімінің басшысының грамоталарымен және сыйлықтарымен марапатталды. Сондай-ақ ерекше көзге түскен оқушылар - Алимбаев Алдияр "Үздік шабуылшы", Серов Александр "Үздік қақпашы", Бурый Александр "Үздік қорғаушы" номинацияларымен марапатталып, атаулы сыйлықтарға ие болды. Алдағы уақытта аудан бойынша жалпы білім беретін мектептер арасында хоккейді дамыту жоспарланып отыр