"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі"Мемлекттік мекемесі
Государственное учереждение "Отдел образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области "

Социальные сети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары.

06.04.2022

Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары.
Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылы балаларды мектепке қабылдау ережелеріне Министрлік өзгерістер енгізді. Енді 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау жыл сайын 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында өтеді.
1 сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады. Сонымен қатар, 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толған балалар да бірінші сыныпқа бара алады.
Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін қызмет толықтай автоматтандырылған және eGOV.kz порталы арқылы көрсетіледі.

Қандай құжаттар қажет?
• Ата-ананың өтініші (электронды түрде қалыптасады)
• Туу туралы куәлік (электронды түрде қалыптасады)
• Баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны)
• Егу паспорты (065/у нысаны)
• Баланың суреті (3*4 өлшемді)

Балаларды мектепке қабылдау ережелері туралы барлық сұрақтар бойынша аудандық білім бөліміне хабарласып, әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы өзекті ақпаратты білуге болады.
Біздің болжамымыз бойынша, биыл бірінші сыныпқа біздің ауданымыз  бойынша  260-қа  жуық  бала барады.

Просмотров: 452


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст