"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі"Мемлекттік мекемесі
Государственное учереждение "Отдел образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области "

Социальные сети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Үздік портфолио»

26.12.2017

Жалпы орта білім беру мекемелерінің  тарих  пәні мұғалімдеріне арналған «Үздік портфолио» атты аудандық   сырттай байқауы болды. Конкурсанттар жұмыстарын қабылдау 2017 жылдың 20 желтоқсанына дейін аяқталды. «Үздік портфолио» атты аудандық сырттай байқауын 15 мектептің 16 тарих пәнінің мұғалімдері қатысты. Конкурсқа қатысқан мектептер: Жақсы №1 орта мектебі, Ғ.Абдрахманұлы атындағы Қима орта мектебі №2, Өскенбаев атындағы Қима орта мектебі №1, Рентабельный орта мектебі, Ешім орта мектебі, Терсақан орта мектебі, Кировский орта мектебі, Киевский орта мектебі,  Островский орта мектебі, Перекатный орта мектебі, Беловод орта мектебі, Лозовое орта мектебі, Запорожье орта мектебі, Новокиенка орта мектебі мен Белағаш орта мектептері қатысты.Портфолио мынадай талаптардан тұрды:

1.    Педагог туралы жалпы мәлімет;

2.     Кәсіби жетістігінің нәтижесі;

3.     Іс-тәжірибесі туралы құжаттар;

4.     Ғылыми-әдістемелік қызметі;

5.     Кәсіби қызметінің нәтижесін сараптық бақылау;

Портфолионы бағалау 10-балдық шкала бойынша жүзеге асырылды. Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы байқаудың жеңімпаздарын  I, II, III орынмен анықтады.

I орын – Жақсы орта мектебі №1 Исмайлова Адеми Хамитбековна.

II орын –  Қима орта мектебі №2 Ериков Кабижан Зейнелкабиденович.

III орын – Камидоллина Айгерим Мухамедияновна.

Байқауды ұйымдастырудың негізгі мақсаты: Мұғалімнің кәсіби өсуініңмониторингінің, кәсіптік нәтижелерінің, жетістіктерінің, жүргізген жұмыстарының талдауын қамту;  өз білімін көтерудегі нәтижелерін жинақтауына көмек беру. Тарих мұғалімдерінің арасында портфолионың рәсімделуі эстетикалық жағынан  жинақы, ұқыпты. Кейбір портфолиоларда ғана жүйелілік болған жоқ. Болашақта мынадай ұсыныс айтқымыз келеді. Байқау деп жариялағаннан кейін, сол байқаудың ережесіне сай талаптары ғана қамтылсын! Сонымен қатар газет-журналдарға берілген мақалалардың түпнұсқасын емес, көшірмесін салу керек. Белсене ат салысқан мұғалімдерге Білім беру бөлімі алғысын білдіреді!

Просмотров: 1768


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст