«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында тарих сабағында интербелсенді әдістерді қолдану»
тақырыбында тарих және қоғамтану пәндері мұғалімдерінің аудандық семинарының есебі
Жақсы аудандық білім бөлімінің қараша айындағы жұмыс жоспарына сай, Лозовое орта мектебінде 17.11.17 ж «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында тарих сабағында интербелсенді әдістерді қолдану» тақырыбында тарих және қоғамтану пәндері мұғалімдерінің аудандық семинары өтті. Аталған семинарға аудан мектептерінен 19 мұғалім қатысты.
Семинардың мақсаты: Оқытудың жаңартылған интербелсенді әдістері арқылы тарих пәнінен оқушылардың білім сапасын көтеру, ұстаздардың сабақты тиімді жоспарлауына ықпал жасау. Семинарды аудандық білім бөлімінің әдіскері Бақтыбаева М.Б және аудандық әдістемелік бірлестік жетекшісі Асылбеков А.Ш ашып, бағдарламамен таныстырды.
Запорожье орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Аштаев И.С 8-сыныпта «Жапония» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсатын оқушылармен бірге ашып, даналық ағашында ілінген тапсырмасы сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар оқушылар жаңа тақырыптар төңірегінде сұрақтарға жауап берді. Жұптық жұмыс жүргізілді. Оқушылар жұппен берілген тапсырмаларды орындады. Оқытудың жаңа-әдіс тәсілдерінен (стикердегі сұрақтар, жұптық жұмыс, постермен жұмыс, жұптық жұмыс) қолданылды.
«Қарахан мемлекеті» тақырыбындағы ашық сабақты Лозовое орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Молдахметов Р.С 7-сыныпта жаңартылған бағдарлама негізінде өткізді. Тапсырмалар легі көп болғандықтан, сабақ 40 минуттан асып кетті. Топтық, жұптық,жеке жүмыс тиімді қолданылды. Сабақ өз мақсатына жетті.
«Тарихи таным» тақырыбындағы сыныптан тыс іс-шараны Лозовое орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Айбас Ж.Р 6-8 сыныптарда өткізді.
«Қола дәуіріндегі Қазақстан» тақырыбындағы ашық сабақты Терсакан орта мектебінің мұғалімі Рахимов Е.Т 6-сыныпта өткізді. Сабақтың мақсаты түсіндіріліп, оқушылары қалайы, мыс топтарына бөлінді. Сабақтың басында бағалау парақшасы таратылды. Үй тапсырмасына байланысты сұрақтар қойылды, оқушылар жарыса жауап берді. Оқушылар таныстырылымда берілген суреттер арқылы бүгінгі жаңа тақырыпты болжады. Видеоролик көрсетіліп, мазмұны бойынша тапсырмалар берілді. Мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіріп,адасқан әріптер,сәйкестендіру, венн диаграмасы, балама тест, БББ кестесі стратегияларын қолданды. Сергіту жаттығуы жасалып, оқушылар бағаланды, кері байланыс орнатылды.
Мектеп ұстаздарының Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында дайындаған көрмесін тамашаладық. «Білім беру мазмұнын жаңартужағдайында тарих сабағында интербелсенді әдістерді қолдану» тақырыбындағы дөңгелек үстелді аудандық білім бөлімінің әдіскері Бақтыбаева М.Б және аудандық әдістемелікбірлестік жетекшісі Асылбеков А.Ш жүргізді. Сабақ берген ұстаздардың сабақтары туралы кері байланыс жүргізілді. Жақсы №2 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Хван Вадим Сергеевич өз тәжірибесімен бөлісті. Теориялық бөлім соңында әдістемелік бірлестік жетекшісі Асылбеков А.Ш және білім беру бөлімінің әдіскері Бактыбаева М.Б сабақтар соңында кері байланыс ұйымдастырды, семинарға қатысушылар семинардың қорытындысын шығарды.Семинарға қатысқан ұстаздарға алғыс айтылып, келесі семинарда көтерілетін мәселе талқыланды. Жалпы семинар өз мақсатына жетті, семинарға қатысушылар сабақ берген, шебер сабақ көрсеткен ұстаздардың қызметін оң бағалады.