«Жаңартылған білім беру
бағдарламасы аясында қазақтілі
мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың коммуникативтік шығармашылығынарттырудың
маңыздылығы» тақырыбында өткен орыс сыныптарындағы қазақ тілі
мұғалімдерінің аудандық семинары
Жақсы аудандық білім бөлімінің қазан айындағы іс-шаралар жоспарына сай Запорожье орта мектебінде 20 қазан күні «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың коммуникативтік шығармашылығын арттырудың маңыздылығы» тақырыбында орыс сыныптарында сабақ беретін қазақ тілі және әдебиеті мұғалімдерінің аудандық семинары болып өтті. «Қазақстандықтардың басын біріктіруші фактор — қазақ тілі, сондықтан мемлекеттік тілдің мәртебесін баршамыз бірігіп көтеруіміз керек»-деп елбасымыз Н.Назарбаев айтқандай, аталған семинардың мақсаты – жаңартылған білім беру аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдерді өз тәжірибесінде қолдану болды. Семинардың міндеттері: оқу-тәрбие үдерісінде заманауи технологияларды нәтижелі ендіруге бағыттау;оқытушылардың ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану дағдыларын дамыту, оқу-әдістемелік және зерттеу және психологиялық қызметттерін ұйымдастыру;
жас мамандардың алған білімдерін қолдана білуге, талдау және жинақтау дағдыларын меңгеруге, өз әрекеттерін бағалауға үйрету болған еді. Семинардың жүргізілу барысына тоқталар болсам, 8.30-9.00 аралығында семинар қатысушыларын тіркеуді ұйымдастырдық. Аудан мектептерінен семинарға 18 мұғалім қатысты. Семинардың практикалық бөлімін аудандық білім бөлімінің әдіскері Бактыбаева М.Б ашып, бағдарламамен таныстырып ашық сабақтарға кезек берілді.
Бірінші сабақты Запорожье орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кабдрашева Айсулу Алтыбаевна«Менің елімнің ақшасы» тақырыбында 6-сыныпта берді. Оқушыларды теңге, доллар топтарына бөлді. Жаңа сабақты түсіндіргеннен кейін әр топқа Шетелден келген қонақтарға теңгені қалай таныстырасың? Егер сенде бір миллион теңге болса не істер едің? деген сұрақтар арқылы постер жасауды ұсынды. Сабақ барысында оқушылар білім мазмұнына сай көрініс қойды. Сөз тіркестері арқылы сөйлемдер құрады. Оқушы білімі бағаланды. Кері байланыс кезеңінде оқушылар не ұнады? қандай мәлімет алдың? әлі нені меңгеруім керек? деген сұрақтарға жауап берді. Екінші ашық сабақты Жақсы №2 орта мектебінің мұғалімі Жапимова Ақбота Алимовна «Ауылда» тақырыбында 8-сыныпта өткізді.Сабаққа 9 оқушы қатысты. Сабақтың мақсаты айтылып, бағалау әдісі түсіндірілді. Алтын, күміс жапырақтар арқылы қушылар бір-бірін бағалайтын болды. Үй тапсырмасы сұралды. Ұстаз алдын-ала әр оқушының партасына стикерге жазылып жабыстырылған сұрақтардың жауабын сұрады. Өткен сабақта өткен Ортақ етіс туралы сұрақтарға жауап берді. Ережесін айтып, мысалдар келтірді. Жаңа сабаққа сай ауыл туралы видео көрсетіп, түрткі сұрақтар қойды. Оқушылар сұрақтар аясында постер жасады. Менің арманымдағы үй тақырыбында жасалған постерлер мазмұнды, тақырыпқа сай жасалынды. Сөздік жұмысы жүргізілді. Мұғалім жаңа сөздерді үш тілде түсіндіріп, есте сақтау жаттығуын жасады. Оқушылар тиімді бағаланып кері байланыс әдісі жүргізілді.Үшінші сабақты Қ. Өскенбаев атындағы Қима орта мектебінің жас ұстазы Алшимбаева Жанаргуль Зиядовна «Қазақстан барысы» тақырыбында жаңартылған бағдарламаға сай 5-сыныпта өткізді.
Мұғалім оқушыларды аң суреттері арқылы үш топқа бөлді. Сабақ барысында «Қазақстан барысы» тақырыбында мультфилім көрсетіп, мазмұнына байланысты тапсырмалар орындата білді. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізілді, топтық тапсырмалар берілді. Сабаққа оқушылар белсенді қатысты. Постерде тапсырмаларды орындап, әлемді шарлау әдісі арқылы бір-біріне түсіндірді. Жұптық, топтық тапсырмалар сабақ барысында тиімді қолданылды. Конвертке жазылған сөз тіркестерінен сөйлемдер құрап, мультфилім мазмұнына сай келетін сөздерді ортаға салды. Сонымен қатар «Қазақстан барысы» бағдарламасы, қазақша күрес, қазақ чемпиондары туралы балаларға мәлімет берілді. Үй тапсырмасы беріліп, көңілді смайликтер арқылы кері байланыс орнатылды.
Мектеп мұғалімдерінің сабақты тиімді ұйымдастыруы туралы сабақаралық кері байланысты дөңгелек үстел түрінде Жақсы аудандық білім бөлімінің әдіскері Бактыбаева Молдир Балгабаевна өткізді.Үшінші сабақбойынша Қ. Өскенбаев атындағы Қима орта мектебінің жас ұстазы Алшимбаева Жанаргуль Зиядовна «Қазақстан барысы» тақырыбында жаңартылған бағдарламаға сай 5-сыныпта өткізді.
Сабақ бойынша кері байланыс парағы толтырылды. Ұстаздар төмендегі сұрақтарға қол жетімді мақсаттар болды ма? қол жетімді мақсаттар болды. сабақтағы жаңалық? жетістік баспалдағы, формативті бағалау парақшалары, сәттілік тәсілдері, мультфилім мазмұнын талдау. сабақта ұнаған тәсілдер? әлемді шарлау, топтық және жұптық тапсырмалар, конверттегі тапсырмалар. сабақтағы басты қиындық? уақыттың аздығы, балалардың қазақ тілін түсінбеуі, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айта алмауы. кері байланыс жүргізілді ме? смайлик арқылы жүргізілді. бағалау түрлері болды ма? бағалау ауызша өтті. сабақ өз мақсатына жетті ме? сабақ өз мақсатына жетті. ұсынысыңыз. сәттілік! жетістікке жете беріңіз..-деп жауап берді. Семинарда берілген үш сабақ бойынша кері байланыс алынды. Кері байланыс парағында төмендегі сұрақтар қамтылды, ұстаздардың жауап парағындағы жауаптың басым бөлігі бойынша : қай сабақты өз мақсатына жетті деп ойлайсыз? үш сабақ та өз мақсатына жетті. бүгін не білдіңіз?сіз үшін не жаңалық болды? кері байланыстың, бағалаудың түрлерін және жеке, жұптық, топтық жұмыстарды ұйымдастыруды. сабақтан кейінгі көңіл-күйіңіз қандай? өте жақсы, тәжірибе алмастық, өте жақсы. қай сабаққа өзгерістер енгізер едіңіз?қандай? оқушыларды қазақша таза сөйлеуге үйрету. сабақтың қорытындысы бойынша кімдерді мақтар едіңіз? үшінші сабақта Жанаргул Зиядовна шығармашыл, жаңашыл мұғалім екенін көрсете білді. үш ұстаз да шығармашыл, жаңашыл.
Теориялық бөлімде Дарменова Бибигуль Молдатаевна Беловод ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында коучинг өткізді. Коучингтің өтілу мақсаты қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдана білуге үйрету. Ұйымдастыру кезеңін коуч «Денсаулық тілейік!» ойынымен бастады. Сонымен қатар қатысушыларды топтарға бөліп, «Дартс» әдісі арқылы топтық жұмыстарды ұйымдастырды.
Сонымен қатар, Қ. Өскенбаев атындағы Қима орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нургалиева Алма Дюсенгалиевна «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технология элементтерінің тиімді әдістерін қолдану» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндама барысында ұстаз өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Семинар өз мақсатына жетті. Алдағы семинарда көтерілетін тақырып жоспарланды. Аудандық семинардан мұғалімдер өздеріне тиімді көп ммәлімет алды деп ойлаймын.
Жақсы аудандық білім беру бөлімінің әдіскері: Бактыбаева М.Б