«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.жаңа орындарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімнің өткізілуі туралы хабарлайды. Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімге қатысуға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарлаған және мыналарды қамтамасыз еткен мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі:
1) "Мектепке дейінгі ұйымдарға және балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар "Санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығына (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23469 болып тіркелген) сәйкес жағдайларды;
2) "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) (бұдан әрі-Өрт қауіпсіздігі қағидалары) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына сәйкес жағдайларды;
3) төтенше жағдайлар туындаған кезде хабарлау жүйесі бар (дабыл түймешесінің, автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесінің болуы);
4) "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысына сәйкес терроризмге қарсы қорғалуды (бейнебақылау жүйесінің болуы);
5) "Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың (бар болған жағдайда) білім алуы үшін арнайы жағдайлар және қолжетімді орта ұйымдастырған;
6) "Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы бұйрығына сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандырған;
7) санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсету және алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жағдайлар жасаған;
8) "Педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) және "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына сәйкес тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар педагог кадрлармен қамтамасыз еткен мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.
14. Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларын, дабыл түймешесін және дауыстық хабарландыруды орналастыру сызбасы;
3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;
4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;
15. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан кейін Комиссия мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер ("электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz) арқылы мынадай құжаттардың барын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады:
1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заң) сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар;
2) медициналық көмек көрсетуге (медициналық қызмет көрсету) шарт болмаған кезде медициналық қызметке лицензиялар;
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктер, жылжымайтын мүлікке (жалға алынған) құқықты белгілеуші және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар;
4) "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 29/қе бұйрығына (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының нормативтік құқықтық актілерді тіркеу № 28566 тізілімінде болып тіркелген) сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (бұдан әрі-санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды);
5) Конкурсқа құжаттарды тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін есеп бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер.