Текст
Жақсы ауданының білім бері бөлімі жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңін өткізді. Мектеп оқушылары арасында аудандық пәндік олимпиаданың салтанатты түрде ашылу рәсімі Жақсы №2 орта мектебінде өтті. Білім додасына аудан мектептерінен барлығы 137 оқушы қатысты. Оқушылар алдағы екі күн бойы үздіктер қатарынан көріну үшін бақтарын сынамақ. Қатысушылардың білім деңгейі екі кезеңнің қорытындысы бойынша сараланатын болады. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!