"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі"Мемлекттік мекемесі
Государственное учереждение "Отдел образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области "

Социальные сети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жақсы ауданының мектепке дейінгі ұйымдары арасында Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс өткізу туралы Ақпарат

29.12.2022

Жақсы ауданының мектепке дейінгі ұйымдарының барлық басшылары алдағы конкурстық рәсімдермен уақтылы таныстырылды (2022 жылғы 1 қарашада мектеп директорларымен және балабақша меңгерушілерімен кеңес өткізілді).

 

          Бір ай ішінде мектепке дейінгі ұйымдар конкурсқа қатысу үшін құжаттар пакетін дайындады.

 

          1) өтініш осы Қағидаларға бойынша 1-қосымшаға сәйкес;

 

          2) бейнебақылау камераларының, дабыл түймесінің және дауыстық хабарландырудың болуы туралы ақпарат(схемасы);

 

          3) штат кестесінің көшірмесі және педагогтердің білім туралы құжаттары;

 

          4) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама;

 

          5) медициналық қызметке лицензиясы;

 

          6) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалары;

 

          7) санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;

 

          8) берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер.

 

          2022 жылғы 8 желтоқсанда ресми сайтта және әлеуметтік желілерде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурстың басталғаны туралы Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығына сәйкес «Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі» ММ жариялады.

 

          2022 жылдың 13 желтоқсанда ауданның барлық мектепке дейінгі ұйымдары конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар пакетін ұсынды.

 

          Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын қарау бойынша конкурсқа қатысу үшін 24 өтінім берілді, оның ішінде 2 бөбекжай, 3 балабақша  мен 19 мектеп жанындағы шағын орталық.Тәрбиеленушілер саны: барлығы – 741, оның ішінде бөбекжайларда-182,  балабақшада- 116, шағын орталықтарда – 443.

Просмотров: 322


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст