Ақмола облысы білім басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 75 бұйрығы негізінде 2020 жылдың 13-22 мамырында Ақмола облысының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында "Үздік педагог" сырттай байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
Байқауды өткізудің мақсаты педагог мамандығының мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтарға сыйақы беру болып табылады.
Бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында Гран-при жүлдесі мен 300 000 теңге көлеміндегі сертификатқа Ғ.Абдрахманов атындағы Қима орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Сулеймэн Еркегуль ие болды.