11-13 наурызда Көкшетау қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясындажалпы білім беретін мекемелерінің8-11 сынып оқушылары арасында «Тіл дарыны» облыстық байқауы өтті. Біздің ауданнан барған команда жақсы жетістікке жетті. № 2 Жақсы орта мектебінің 10- сынып оқушысы Хамит Айжан жүлделі 2- орынға ие болды. Белсенділік көрсетіп, табысқа ие болғаны үшін № 2 Жақсы орта мектебінің 11- сынып оқушысы Копеева Асель және Ғ. Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің 9-сынып оқушысы Хамит Аяулым грамотамен марапатталды. Қ. Өскенбай атындағы Қима орта мектебінің 8-сынып оқушысы Баймулин Константин сертификатқа ие болды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
ӘК әдіскері М.Асатова