Ағымдағы жылдың 20 қазан күні қашықтықтан “Үздік авторлық бағдарлама” республикалық конкурсының қорытынды кезеңі өткен болатын. Бағдарлама тақырыптары қабілетті және дарынды оқушылармен оқу және оқудан тыс іс-әрекеттің әртүрлі аспектілерін қамтыды. Конкурсқа ұсынылған авторлық бағдарламалар: элективті курстар, қолданбалы курстар, таңдау бойынша курстар, арнайы курстар, факультативтер.
Байқаудың іріктеу кезеңіне 435 авторлық жоба ұсынылды. Қорытынды кезеңге сараптама комиссиясының шешімі бойынша 302 авторлық жоба жолдама алды. Аудан, облыс намысын қорғаған №1 Жақсы орта мектебінің мұғалімі Каскаева Ляззат Байсеркеевнаның жұмысы номинация бойынша грамотамен марапатталды. Жеңімпазымызды толағай жеңісімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз!