Бүгінгі мектепті компьютерлік сыныпсыз, робототехника клубынсыз, 3D-принтерсіз елестету қиын. Бүгінгі жаңа нәрсе - қашықтықтан оқыту. Мұғалімдердің жаңа жұмыс жағдайына көшуі, оқушыларға сабақ беруі, ата-аналармен қарым-қатынасы көбінесе психологиялық кедергілерді жеңумен қатар жүреді. Педагог-психологтар өз қызметтерін біздің аудан мектептерінде де атқарып келеді. Психологтың жұмысы қиын әрі жауапты және маңызды. Ұжымдағы климат, ата-аналардың сабырлылығы мен сенімділігі, оқушылардың үлгерімі оның кәсіби шеберлігіне байланысты. Жас психолог мектепке келгенде оның тәжірибесі әрине, шебер бола қомайды. Жұмыстың басталуы қорқыныш пен күмәнмен, тәжірибені таңдау кезіндегі белгісіздікпен және басқа себептермен қатар жүреді. Ақмола облысының білім басқармасы әдістемелік қызметінің көмегімен 8 желтоқсаннан бастап 2 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар педагог-психологтарға арналған «Жас психолог мектебі» жұмыс істей бастады. Бұл жас психологпен жұмыс барысындағы баға жетпес көмек. Ауданымыздың 2 жылға дейінгі жұмыс тәжірибесі бар 6 психологі әдістемелік көмек алатын болады.