20.08.2026
Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің жоспарына сәйкес 2026 жылдың тамыз айының 20 күні «Конституцияда айқындалған құндылықтар мен қағидаттарды білім беру жүйесіне енгізу» атты педагог қызметкерлердің аудандық тамыз кеңесі өтті. Тамыз кеңесінің өту барысында «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң мен тәртіп» қағидаттарын дәріптеу мақсатында киіз үйлер құрылып, ауқымды көрме жұмыстары ұйымдастырылды. Көрмені ұйымдастырған білім беру ұйымдары төмендегі тізімде тақырыптарымен бірге беріледі: 1. Жақсы ауылының №1 ЖОББМ –
«Конституция заң мен тәртіптің негізі, адал азаматтың тірегі»
2. Қ. Өскенбаев атындағы Қима ауылының ЖОББМ -
«Білім сапасын арттыру және функционалдық сауаттылықты дамыту»
3. Ешім ауылының ЖОББМ –
«Шаңырақ жасанды интеллектпен тілдескенде»
4. Запорожье ауылының ЖОББМ –
«Адалдық бастауы: Салт пен сана» Тамыз кеңесінің өтуі екі кезеңнен тұрды. Екінші пленарлық бөліміне жалпы 150 педагог қызметкерлер мен ата-аналар қатысты. - Ауданымыздың 5 педагогі Ақмола облысы білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталса, Ақмола облысы білім басқармасының Алғыс хатымен 5 педагог марапатталды. - Республика деңгейінде жеткен жетістігі үшін аудан әкімінің Алғыс хатымен және 50 000 теңгелік қаржылай сертификатымен 5 педагог мараптталды.
Аудан әкімінің Алғыс хатымен және 30 000 теңгелік қаржылай сертификатымен облыс деңгейінде жеткен жетістігі үшін 23 педагог марапатталды. - 2025-2026 оқу жылының қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен білім беру ұйымдары жүлделі орындар мен мектеп өміріне қажетті сыйлықтарды