19 қазанда Көкшетау қаласында облыстық «Жыл отбасы»
байқауы өтті. Байқаудың мақсаты отбасы институтын нығайту, балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың
жауапкершілігін арттыру, қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау. Қатысушылар
өзін-өзі таныстырды, таланттарын көрсетіп, өз қолдарынан жасаған шығармашылық
өнерінің көрмесін көрсетті.
Байқаудың қорытындысы бойынша Жақсы
№1 орта мектебінің «Отбасы аялы алақан мекені» отбасы клубынан Нуржановтар
отбасы қатысып 2 орынға ие болды. Жеңімпаздар диплом мен 80000 тенге ақшалай
сертификатымен марапатталды.